Димашты әлемге танытқан, Димаш арқылы қазақтың атын әйгілеген Қытайдағы «Әншімін» жобасы да соңғы межесіне таяп келеді. Естеріңізде болса, Димаш өткен тоғызыншы турда канадалық атақты өнер жұлдызы Селин Дионның «All by myself» әнін орындап, екінші орыннан көрінген болатын.
Бұл жолы Димаш О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз әні «Ұмытылмас күн» әнін қазақ және қытай тілдерінде айтып, үшінші орыннан көрінді және финалға жолдама алды. Бұйртса, жас талант енді байқаудың соңғы сынында өнер көрсететін болады.
Әнді қазақ тілінде және қытай тілінде аспандата шырқаған асқақ дауысты әншіміз, осы жолы да өзінің жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар екендігін әйгілеп, миллиардттың ішінен қара үзіп, финальға өтті.
Сенің жетістігің күллі қазақтың қуанышы, әнің әуелей берсін әнші Димаш!
«Ұмытылмас күн»
Бір көргеннен ғашық болдым өзіңе,
Еркелеген балдай тәтті сөзіңе.
Қылығынмен баурап алдын жанымды,
Қарай бердім нұрға толы жүзіңе.
Пай, пай, шіркін, ұмытылмас күн,
Пай, пай, шіркін, ұмытылмас күн.
Аңсап күткен арманым сен,
Алаулаған таңдарым сен.
Ала таңдай қалайтын,
Аңсағаным сен.
Жүрекке ешкім жүргізе алмас әмірін,
Сөндіре алмас сезімімнің жалынын.
Бақыттыммын бұл әлемге сені егер,
Тағдырыма тарту етсе тағдырым.
Пай, пай, шіркін, ұмытылмас күн,
Пай, пай, шіркін, ұмытылмас күн.
Аңсап күткен арманым сен,
Алаулаған таңдарым сен.
Ала таңдай қалайтын,
Аңсағаным сен.
“The Qazaq Times”