Қытай Хунан телеарнасындағы «Әнші» жобасының осы аптада тоғызыншы кезеңі болып өтті. Бұл рет тележобада қиян-кескі бәсеке орын алды. Себебі, жоба соңғы мәресіне бір табан жақындап қалды. Бұл кезектегі төрт майдан сынақ әншілердің жобада қалуы мен кетуін белгіледі, әрі сол арқылы тележоба өресі бір сатыға жоғары көтерілді.
Жобадағы қытайлық Пың есімді әнші мен отандасы Ляң Бо бәсекелесе өнер көрсетті. Бұлардың бәсекелесе көрсеткен өнері тоғызыншы реткі «Әнші» жобасының шыңы деген бағалар да берілді.
Өткен аптада денсаулығына байланысты әріптестеріне есе беріп қойған отандасымыз Димашқа, бұл жолы жобадағы өз мәртебесін тіктеуге тура келді. Ол үшін жас әнші бар күшін салып дайындалғаны байқалады. Тоғызыншы айналымға, терең де қуатты әуенді қажет ететін, сезімге бай классикалық «All by mysrlf» атты әнді талдапты. Бұл ән Eric Carmen атты америкалық әншінің шығармашылығынан туған. Бұл ән оның әншілік өміріндегі ең жарқын сәттерінің символы болып табылады.
Димаштың орындауындағы «All by myself» әнінен кейін, қытайлық баспасөздердің бірі: «22 жастағы жас әншіде, мұндай терең сезімді бейнелеп беретін қуаттың барлығы, оның шын талант екенін көрсетеді» деп жазыпты. Бұл әнді осыншалық терең сезімде жеткізіп беруінің құпиясын сұраған қытай журналистеріне Димаш: «Мен тыңдау арқылы музыкалық иірімдерді түсінудің сабағынан өткенмін. Мен әр рет өз жан-дүниеме сәйкес келетін әнді талдаймын. Мен сондай рухани азық бере алатын әндерді ұнатамын», – деп жауап берген.
“The Qazaq Times”