Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға 21-22 қарашада Швейцария Конфедерациясының президенті – Қаржы министрі Ули Маурер ресми сапармен келмек.
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында: «22 қарашада мемлекет басшылары «Ақорда» резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді деп жоспарланған. Швейцариялық делегацияның құрамында бизнес өкілдері де болады», — деп жазды.
Мәліметтер бойынша, сапар аясында Ули Маурер Қазақстан Үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен өтетін дөңгелек үстелде сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Сонымен қатар, келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланбақ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті