Бұған дейін 10 жасында университет бітірген америкалық Майкл Карни әлемдегі ең жас жоғары білім иесі аталып келген. Жақанда нидерландтық ақылды жас Лоран Симонс бұл көрсеткішті тағы бір жасқа қысқартпақ. Ол 9 жасында Эйнховен техникалық университетін тамамдау алдында тұр.
Лоран Симонс мектептің алты жылдық бастауыш және орта білімдерін небары бір жарым жыл ішінде игеріп, 8 жасында жоғары орта білім программасын тауысқан. Аталған университетте ол жоғары білім программасын да өз курстастарынан бұрын тамамдап үлгірген.
Оның IQ деңгейі 145-ке пара-пар болып, әлемдегі ең ақылды адамдар қатарында тұр. Өзінің айтуынша ең сүйікті пәні математика, одан тыс геометрия, алгебра және статистика пәндерін де сүйіп оқиды. Болашақ арманы кардиохирург болу және адамдардың ғұмырын ұзартудың жолын тауып шығу.
Лоран Симонстың анасы голландиялық, ал әкесі Бельгиялық. Бельгияда туылған Лоран Симонс нәресте шағында Голландияға отбасымен қоныс аударған екен. Ата-анасы оның болашақ қандай маман болуын өз еркіне қойған екен. «Тек өзін бақытты сезінсе болды», – дейді Лоранның ата-анасы.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді