АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбіде қабылдаған шешімінде Оңтүстік Суданға байланысты санкцияларын тағы бір жылға ұзартты деп хабарлайды РИА агенттігі.
Ақ үйдің баспасөз бөлімі таратқан ақпаратқа сәйкес, Трамп: "Оңтүстік Судандағы жағдай АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына әлі күнге дейін аса қауіпті болып отыр" - деп, мәлімдеме жасаған.
Осыған орай, "2014 жылдың 3 сәуірінен 2017 жылдың 3 сәуіріне дейінгі аралықта жарияланған санкцияны" тағы бір жылға ұзарту қажет екендігін жеткізді.
АҚШ конгресінде талқыланған Трамптың хатында: "Оңтүстік Судандағы және оның айналасындағы жағдай елдің қауіпсіздігі мен бейбітшілігіне нұқсан келтіретін мәселелермен тікелей байланысты". Ал бұл мәселелерге: "адамдарды қинау мен қасақана өлтіру, адам құқықтарының аяққа тапталуы, балаларды әскер қатарына алу, бейбіт халық пен гуманитарлық топ өкілдеріне шабуыл жасау, қайырымдылық шараларын жүзеге асыруға кедергі келтіру" секілді күрмеуі шешілмеген жағдайларды атап көрсеткен.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр