Депутаттық қызметке келгеніне 14 жыл 11 ай 24 күн болған Нұртай Сабильянов өзінің саясаттағы кумирі экс-президент Назарбаев екенін, белгілі журналист Серік Абас-Шахтың әжуаларына еш ренжімейтінін айтып ағынан жарылды.
Мұны уикипедия да растайды: «Саяси қайраткер ретіндегі идеалы – Н.Ә. Назарбаев».

Нұртай Сабильянов туралы уикипедиядағы дерек. Фото: уикипедиядан скриншот-қиынды
«Абайдың 45 сұрағы» жобасында алғаш еңбек жолын құрылысшылықтан бастаған мәжіліс депутаты «парламенттегілерге шаң жуытпауға» тырысып, «депутаттарға халықтың сенімі жоғалғанын» жоққа шығарды. Оның сөзінше, мұндай ойлар «Халық емес, жекелеген адамдардың пікірі». Бір қызығы, бейнематериалдың пікірлер бөлігінде білдірілген 35 пікірдің тек біреуі ғана позитивті. «Суайт», «нашар уәзірлер», «сонша уақыт қайда жүрдің», «менің күлкім келеді», ақын Шахановтың «ТЖ» ұғымы т.б. коментарийлер «Халықтан емес, хейтерлерден» деп қабылдайтын билікшіл блогерлер табылары сөзсіз.
Депутат Нұртай Сабильянов бұған дейін өзі туралы 6 кітап жарық көргенін («Намыс найзағайы» (1996 ж.), «Нұртай» (2001 ж.), «Шапағат» (2004 ж.), «Парыз» (2008 ж.), «Ел аманаты» (2008 ж.), жуырда тағы 3 еңбек жарық көретінін айтып қалды. Сұхбат алдын-ала дайындалғаны байқалады. Бірақ «халық қалаулыларының» ашық қоғамға шығуының өзі зор жетістік деп санамасқа шара не?!


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді