Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында белгілі ЖОО-ның мүшкіл хәлі туралы айтылды. Қазақстандық ғылымның қозғаушы күшінің бірі академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жылыту мәселесі жылдар бойы оң шешім таппаған.
Басшылық 1997 жылдан бері білім беру нысанын соляркамен жылытып келеді. Бұл үшін жылына шамамен 500 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалады. Білім министрі Асхат Аймағамбетов ҚарМУ оқытушы-профессорлар құрамы шамамен 65-70 мың теңге аралығында еңбекақы алатынын растады.
Министрдің сөзінше, қазір ведомство облыс әкімдігімен бірлесе отырып, оқу орнын автономды орталық жылыту жүйесіне қосу шаралары жүргізіп жатыр. Бұған шамамен 1,5 миллиард теңге керек көрінеді.
Қазақстан тарихындағы екінші жоғары оқу орны, отандық ТОП-20 ЖОО тізімінде 4-орында тұратын академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде қазіргі таңда 14 факультетте 20 мыңнан астам студент білім алып жатыр.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел