Сүриядағы оқиғаларға байланысты АҚШ Түркияға санкция салды. Бұндай жарлыққа АҚШ президенті сол елдің жергілікті уақытымен дүйсенбінің кешінде қол қойды.
АҚШ-тың санкциясына Түркияның Қорғаныс және Энергетика министрліктері ілінген. Сонымен бірге, биліктегі «АК» партия төрағасының орынбасары Сулейман Сойлу да санкцияға алынды. АҚШ санкция арқылы Анкараға қысым түсіріп, Сүрияның солтүстік-шығысындағы шабуылды тоқтатуға шақырып отыр.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдемесінде: «Түркия тез арада шабуылды тоқтатып, оқ атыспау туралы келісімге келуі керек», – деді. Бұның алдында Трамп пен Ердоған телефон арқылы сөйлескен. Бұған қоса Ақ үй жақында Анкараға делегация аттандырмақ. Оны вице-президент Майк Пенс бастап бармақ.
Ақ үй мәлімдемешісі: «Қазір Түркияның экономикасы қиын жағдайда. Сондықтан бұл шаралар өнімді болады деп санаймыз. Соның өзінде мәселені келіссөз арқылы шешу мақсатында президент Анкараға делегация жібермек», – деген.


















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр