Сүрия әскері Түркия шабуыл жасап жатқан солтүстік ауданға кіру жөнінде бұйрық алды. Сүрия билігі Түркия әрекетін "агрессия" деп бағалап отыр.
Тағы бір мәліметке қарағанда, Сүрия үкіметі мен "Сүрия демократиялық күштер" (күрдтердің қарулы күші) арасында келіссөздер басталған.
Reuters ақпаратына қарағанда, келіссөз Латакиядағы Хмеймим әуебазасында өтіп жатыр. Бұл жерді ресейлік әскер бақылайды.
Соғыс алаңында жұмыс істеп жатқан CNN тілшілері шабуыл насырға шауып жатыр деп хабарлады.
АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер Түркия шабуылын кеңейтуі мүмкін деп болжайды. Бұл жөнінде ол Би-би-си-ге берген сұқбатында айтты.
Түркия шабуылды Сүрияда террористермен күрес кезінде АҚШ-тың басты одақтасы болған күрд әскеріне қарсы жасап жатыр. Эспердің сөзінше, күрдтер енді ресми Сүрия мен Ресейден қолдау іздеуі мүмкін. Сол себептен АҚШ оларды қолдамайды дейді Пентагон басшысы.
БҰҰ мәліметі бойынша, өткен аптада 130 мың адам Сүрия солтүстігінен бас сауғалап кеткен. Босқындар саны жақын уақытта көбеюі мүмкін деп ескертеді БҰҰ.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді