БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Нью-Йорк уақытымен бейсенбідегі отырысына Түркияның Сүриядағы қарулы әрекетін тақырып етті. Түркия кезекті әскери шараны өзіне төнген терроризым қаупін жою үшін жасағанын айтып келеді.
Сүрияндағы демократиялық күштер Түркияның әуе және артиллериялық шабуылдары бейбіт тұрғындарды нысанаға алды деп айыптады. Артиллериялық шабуылдардан бас сауғалаған күрдтер елдің оңтүстігіне қарай қоныс аударып жатқаны айтылады.
Алайда, кеше Түркия қауіпсіздік күштері жасалған мәлімдемеде шабуыл бейбіт тұрғындарға бағытталды деген айыпты жоққа шығарды. Анкара террорлық топ деп атаған күрд қарулы күштерінің маңызды әскери нысандары ғана шабуыл нысанасы болғанын айтты.
Анкара күрд күштерін террорлық топ ретінде айыптағанымен, өздерін «Ислам мемлекеті» атаған террорлық топқа қарсы халықаралық коалицияға қатысқан Батыс елдері күрд қарулы күштерін терроризмге қарсы одақтас қатарында көреді.
Қауіпсіздік кеңестің отырысына қатысты Түркия Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде: «Кезекті шабуыл Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларына, Түркияға «өзін-өзі қорғау құқығын» пайдалануға мүмкіндік беретін халықаралық құқық ережелеріне негізделген», – делінген.
Пентагон қақтығыс кезінде зардап шегудің алдын алу мақсатында 50-ге жуық америкалық әскердің Түрикя-Сүрия шекарасынан шығарып әкеткенін растады.