Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Үндістан бақылауындағы Кашмирдың автономия статусы қайтарылып берілгенге дейін Делимен қарым-қатынас орнатпайтынын мәлімдеді. Ол Жамму Кашмир аймағында адам құқықтары ауыр дәрежеде бұзылып жатқанын айтады.
Пәкістан премьері Үндістан бақылауындағы Жамму Кашмир аймағының жағдайын БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында да ортаға салмақ. Ол Үндістан билігін Кашмирдың автономиялық құқығын қайтарып бергенше екі ел арасында қарым-қатынас орнамайтынын мәлімдеген.
Үндістан үкіметінің өз бақылауындағы Кашмир аймағының автономия статусын алып тастағанына 7-ші аптаға аяқ басты. Өңірде қайшылық асқынып, бейбіт тұрғындар көбірек жапа шегуде. Әскери күшпен басып отырған Кашмирде қарсылық әрекеттер басылар емес.
Пәкістан премьері Имран Хан бұдан бұрын Үндістанның Кашмирдегі әрекетіне байланысты екіжақты дипломатиялық қатынастарды тоқтататынын жеткізген болатын. Елдің Сыртқы істер министрлігі Үндістан ресми тұлғаларының Пәкістан кеңістігі арқылы ұшу сапарларына шектеу қойған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау