Жақында сайлауалды уәделерінің бірінде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сайлауда жеңіске жететін болса Батыс жағалаудағы біраз аумақты аннекциялайтынын мәлімдеген болатын. Оның бұл мәлімдемесі араб елдерінің наразылығына тап болды.
Израиль премьері бұған дейінгі мәлімдемелерінде «Израиль қауіпсіздігі үшін» Иордан алқабына деген килігуін жалғастыратынын айтып келген. Алайда, « аннекциялау» туралы бірде бір рет сөз қозғаған емес-ті.

Иордан алқабы Батыс жағалаудың үштен бірін иелейді. Фото: Reuters.
Израиль мен келіссөздер жүргізіп жатқан палестиналық комиссиясының өкілі Нетаньяхудың мәлімдемесіне наразылық білдіріп: «Аннекциялау әскери қылмыс қатарында өңірлік бейбітшілік келісімдерін бір жолата жоқ қылады», – деп мәлімдеді.
Араб елдері лигасы еврей премьерінің сөзін «агрессия» ретінде бағалады. Бұған қоса, Түркия, Иордания, Сауд Арабиясының ресмилері де мәлімдеме жасап, еврей басшысының сөзін сынап жатыр. Сауд Арабиясы болса Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 57 елдің СІМ басшыларын шұғыл жиналысқа шақырды.
Нетаньяху өзінің аннекциялау туралы жоспарын сайлауалды уәдесі ретінде жариялап отыр. Еврей жұртында 17 қыркүйек күні жалпы сайлау өтпек.
Палестиналықтар жасайтын Батыс жиек аймағы 1967 жылы Израиль тарабынан жарым-жартылай отарланған болатын. Палестиналықтар бұл аймақты толықтай Палестинаға тәуелді екенін айтып келеді. Сол жылы Израиль Батыс жиекпен бірге Голан жоталарын, Шығыс Иерусалим және Газаны басып алған болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны