Бүгін, қыркүйектің 10-ы экс-президент Н.Назарбаев Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллинмен Мәжілістегі Нұр Отан партиясы фракциясының қызметі мен жұмыс жоспары туралы кездесу өткізді.
Қабылдау барысында «Қазіргі таңда Мәжілістің қарауында 45 заң жобасы бар. Барлық 3 фракция жұмысқа кірісті. Біздің фракцияның алдына сіздің тапсырмаларыңыздың, сайлауалды бағдарламаларыңыздың және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асырылуына сапалы бақылауды жүзеге асыру бойынша міндеттер қойылды», – деді Нығматулин. Тұңғыш Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев Еуропа мен Азия елдері Парламенттері спикерлерінің кеңесіне дайындық туралы сөз еткен. Мәжіліс спикері Н.Нығметуллин «23-24 қыркүйекте спикерлер Кеңесіне әлемнің 65 елінен келген делегаттар қатысады. Елімізде осындай жоғары деңгейдегі парламенттік іс-шара соңғы 20 жылда алғаш рет өткізіліп отыр. Биыл Еуропа мен Азия елдері Парламенттері спикерлерінің кеңесі Еуразиялық идеяның 25 жылдығына арналған», – деді.
Мемлекеттік сатып алу негізінде жүзеге асырылатын ауқымды жиындардың соңғы жылдары жиілеуі президент Тоқаев растаған «кедейленген» Қазақстан халықын ашындырып, азаматтық қоғамның наразылығы күшейе түскен.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы