Венесуэла Колумбиямен бірлесе ауқымды әскери оқу-жаттығуын өткізіп, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құрмақ.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, ел президенті Николас Мадуроның бұйрығымен 10-28 қыркүйек аралығында екі ел әскери жаттығу өткізеді. Бұл шара Уашингтонның Каракасқа әскери сала бойынша енгізген санкциясына қарсы тұру мақсатында қолға алынуы да мүмкін дейді шетелдік сарапшылар. Дегенмен, Мадуро Венесуэла мен АҚШ байланысына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.
Соңғы жылдары Колумбия мен Венесуэланың дипломатиялық қарым-қатынасы нашарлап, шекарада ірі қақтығыстар орын ала бастады. Сол себептен Мадуро Колумбия тарапынан агрессия тууы мүмкін деп өңірде қауіп-қатердің сары деңгейін жариялаған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы