Өзбекстанда президент Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасымен «Өзбекғарыш» ғарыштық зерттеулер мен технологиялар агенттігі құрылады. Бұл туралы ӨзА басылымы хабарлады.
Мирзиеевтің қаулысында: «Елде ғарыштық зерттеулер және технологиялар саласында жерді қашықтан зондтау, спутниктік байланыс, навигациялық жүйе сынды қызметтер мүлдем дерлік жүзеге асырылмайды. Олар ауыл және су шаруашылығы, экология, телекоммуникация, геологиялық барлау, картография, метеорология, сейсмология және қала құрылысы сияқты салаларда тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Елдің одан арғы тұрақты дамуы үшін қолда бар ғылыми-техникалық әлеуетті тиімді іске асыру мақсатында, соның ішінде экономиканың түрлі салаларында инновациялық ғарыш технологияларын пайдалану жолымен, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан Республикасының Министрлер кабинетінің жанынан Ғарыштық зерттеулер және технологиялар агенттігін («Өзбекғарыш») құруды тапсырамын», – делінген.
Сонымен қатар, құжатта «Өзбекғарыш» агенттігінің басты міндеті ғарыштық зерттеулер жасау арқылы, Өзбекстандағы ғарыш саласының инфрақұрылымын әзірлеп, мемлекеттік саясат пен стратегиялық бағыттарды жүзеге асыру екендігі айтылған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі