АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео президент Дональд Трамп пен Еуропалық одақ қарым-қатынасын қайта жаңғыртқысы келетінін Politico басылымына хабарлады.
Осы аптада Брюссельде Еуропарламент басшысы Дэвид Сассоли, Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен және өзге де басшылық құрамымен кездесетін Помпео АҚШ пен ЕО арасындағы дипломатиялық байланыстарды талқыламақ. Помпео сөзінде: «Мен Еуропалық одақ лидерлері мен президент Трамптың байланысын нығайтқым келеді. Осыған дейін орын алған қандай да бір мәселелер Францияда өткен саммитте талқыланған болатын. Дегенмен, Брюссельде жоспарланған кездесуде біздің тарап климат өзгерісі, ғаламдық жылыну және жаһандық саяси ахуалды да талқылайтын болады», – деді.
Биыл ЕО мен Трамп администрациясы Иранның ядролық келісіміндегі талаптарды қадағалауын талап еткен болатын. Осы ретте ЕО-дағы халықаралық байланыстар бойынша төрайым Федерика Могерини мен Трамп ортақ келісімге келе алмаған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы