Ақ үйдің қызметкері Шон Спайсердің айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бір жылдық жалақысын қайырымдылыққа жұмсамақ. Орта есеппен алғанда, Трамп жылына алатын 400 мың доллардан өз еркімен бас тартып отыр.
АҚШ президенті бұл ақшаның қайда жұмсалатындығын да есептеп қойған секілді. Ал бұл мәселені шешу үшін оған АҚ үйдің журналистерінің зерттеу жұмыстары көмектескен көрінеді.
Президенттік қызметке кіріспес бұрын, Трамп сайлау барысында-ақ, өзінің қызметі үшін ешқандай ақы алмайтындығын айтып еді. Ал қазірде, заңмен бекітілген ереже бойынша, бұл еңбегі үшін ең төменгі межедегі 1 доллар ақы алып отыр.
Осы уақытқа дейін, көптеген БАҚ өкілдері Трамптың қайырылымдыққа көп көңіл бөлмейтіндігін айтып, сынға алған болытын. Бәлкім, соған жауап ретінде осындай шешім қабылдаған да шығар.
Forbes журналының 2016 жылғы рейтингі бойынша, Дональд Трамптың байлығы 3,7 млрд долларға бағаланып отыр.
АҚШ тарихында Герберт Гувер және Джон Кеннеди де жалақыларын қайырымдылыққа жұмсаған екен.
"The Qazaq Times"


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау