3 жылға жуық (2017 жылдың 1 қаңтарынан) таяқсыз қалған қазақстандық полицейлерге жол қозғалысын реттеуге қайтадан алатаяқ (қызметтік таяқ) ұстауға рұқсат берілді.
ІІМ хабарламасына сәйкес, алатаяқ «тек жол қозғалысын реттеу үшін, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну жағдайында», сондай-ақ жол-көлік оқиғалары және жолдарда кептеліс пайда болғанда, оның ішінде бағдаршамдар жасамай қалғанда, көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүруге, терроризмге қарсы операцияны және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу кезінде көлік құралдарын бағыттау үшін қолданылады.
Жол жүрісін реттеу сары түсті кеудешелер киіп, арнаулы жарық шағылыстырғыш қолғаптармен алатаяқты пайдалана отырып, ысқырықпен белгі беру бойынша жүзеге асырылуы керек.
Бірақ полиция қызметкері көлік құралдарын алатаяқпен белгі беріп тоқтатуына болмайды, оның орнына көлікті тоқтатуға автопатрульдеу режимі жеткілікті. Айта кетерлігі, бұрынғылары қоймада сақталғандықтан, алатаяқтарды «қолдануға көшу үшін бюджеттен қаржы талап етілмейді».