Кеше он мыңдаған рохинджа мұсылмандары наразылық акциясын өткізді. Олар бұл күнді "Геноцидті еске алу күні" деп белгілеген. Бангладештегі босқындар лагерін паналаған рохинджалар Мьянма қарулы күштері тарабынан жасалған қырғыншылық кезде қаза тапқан жақындарын еске алды.
Рохинджалар баспана еткен Бангладештегі босқындар лагері қазіргі кезде әлемдегі ең үлкен босқын лагері саналады. Миллионнан астам рохинджа мұсылмандарын еліне қабылдауға Бангладештің әл-ауқаты көтермейді. Себебі, Бангладеш әлемдегі ең кедей елдердің қатарында. Ал, рохинджалар Мьянмадағы мекендеріне қайтуды қаламайды. Олар Мьянмаға қайтып барса қақтығыс қайталануы мүмкін.
Иін тіресе сығылысқан лагерлерде өмір сүріп жатқан рохинджалар өңірдегі басты дағдарыстың бірі ретінде белгілі. Шарт-жағдайы төмен лагер өмірінде жасаған әйелдер мен балалар түрлі аурулардан зардап шегуде. Қазір тек халықаралық әлеуметтік көмекпен ғана өмір сүріп жатқан олар әлемнен әділеттілік талап етіп, ауқымды наразылық акциясын өткізген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі