Ресей және АҚШ президенттері шілде айының басында Гамбурге өтетін "Үлкен жиырмалық" саммитінде алғашқы кездесуін өткізуі мүмкін, деп хабарлады Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазды.
"Оған кейін кездесу белгілемесек, онда президенттер Гамбургте шілде айының басында G20 саммитінде кездеседі, өйткені бұл екеуі де қатысатын алғашқы шара", – деді Песков CNN телеарнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі қашан өтетінін білмейтінін мәлімдеген еді.
Трамп Путинмен ұлықтау салтанатынан соң телефон арқылы сөйлескен. АҚШ және Ресей президенттері бірін-бірі бірнеше мәрте мақтап мәлімдеме жасады. Трампты Ресеймен байланыстары үшін сынаушылар көп.
АҚШ-тың арнайы қызметі Ресейді америкалық сайлауға араласқаны және Демократиялық партияның компьютерлерін бұзғаны үшін айыптап отыр. Кремль бұл айыптауларды жоққа шығарды.
“The Qazaq Times”