Кашмирдің Үндістанға қарасты аймағында наразылық күшейді. Кашмир тұрғындары оқшауланып қалғанына және байланыстың нашарлап кеткеніне наразы. Кеше өткен осындай наразылық кезінде қауіпсіздік күштері мен ереуілшілер арасында қақтығыс болды.
Кашмир әлемдегі ең үлкен таластағы аймақ саналады. Жаңа Дели екі апта бұрын аймақтың автономия статусын алып тастаған болатын. Дели үкіметінің бұл қадамы Үндістанға қарасты болып келген Кашмир тұрғындарының ашуына тиді. Көшелерге мыңдаған қарулы күштер тартылып, интернет, ұялы байланыс үзілген. Хабарласу құрылғыларының көп өтпей қалпына келетіні туралы Үндістан үкіметінің уәделері де орындалмай жатыр. Шыдамы таусылған Кашмир тұрғындары наразылық ереуілдерімен көшеге шықты.
"Біз бұл жағдайға қарсымыз. Жағдай осылай жалғаса берсе, біз әр біріміз қолымызға қару аламыз", – дейді наразы топтың лидерлері.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Үндістан үкіметі 4 мыңға жуық адамды қамауға алғанын айтады. Аймақтағы ірі саясаткерлер де қамауға алынуда. Оларға үкіметке қарсы бүлік тудырмақ болды деген айыптар тағылған. Үндістан заңы бойынша оларға екі жылға дейін сот ісі жүргізбестен қамақта отырғызылады.
Кеше аймақтағы жағдайы тіпті де ушығып, ереуілшілер мен қауіпсіздік күштері қақтығысып қалды.
Ал, үкімет өкілі Свапан Дасгупта сөзінде: "Бұл ерекше жағдай. Біз күш қолдану қадамдарына бармаймыз. Бірақ, қазір қиын жағдайда тұрғандықтан қауіпсіздік шараларын күшейтіп отырмыз. Біз аймақты оқшаулап, халықты байланыссыз қалдырайық демедік. Тек, қауіпсіздік үшін кейбір шараларды жасап жатырмыз", – деген.
Сарапшылардың айтуынша, Кашмир мәселесі бойынша Үндістандағы қайшылық жақын арада шешім табуы қиын.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау