АҚШ-тағы әлемге танымал басылым New York Times Magazine журналы Америкадағы құлдықтың басталғанына 400 жыл толуына орай ірі жобаны бастаған болатын. Алайда, аталған басылымның әрекеті америкалық саясаткерлер жағынан ауыр сынға ұшырады. Республикашылдар партиясының өкілдері аталған басылымның көтерген жобасын "пропаганда" қатарында бағалады және "Правда" басылымымен салыстырған сын-пікірлерді қарша боратты.
New York Times Magazine журналының Америкадағы құлдықтың 400 жылдығына арнаған жобасының аты "1619" деп аталады. Африкадан құлдарды тасыған Ұлыбританияның кемесі алғаш рет Вирджиния штатына 1619 жылы барады. Сондықтан да, басылым Америкадағы құлдықтың 400 жылдығына арнаған жобасына "1619" деген ат берген. Америкадағы құлдық, құлдау, құл саудасына қатысты материалдар басылымның газеті мен журналына жариялана бастады. Алдағы уақытта сайтына да шықпақ.
Америкалық саясаткерлер жағынан қарсылыққа ұшырағанымен зерттеушілер, тарихшылар, публицисттер мен докторант саясаттанушылар жағынан оң пікірге ие болған. Ал, республикашылдар мен консервативтік публицисттер оны тарихты қайта өңдеп жазу, ақиқатты бұрмалау әрекеті қатарында бағалап жатыр.
Америкадағы құлдық, құлдау әрекеттері ресми деректер бойынша 1619 жылы басталады. Оның соңы 250 жылға дейін жалғасып, жоспарлы экономиканы құрайды. Құрама Штаттарда қара нәсілділерді құлдауға бұдан 150 жыл бұрын шектеу қойылса да, нәсілдік кемсітушілік, терісінің түсіне қарай қақпайлау, шетке қағу тағы бір ғасырдан астам уақытқа дейін жалғасқан.
The New York Times басылымы аталған жобасында Америкадағы құлдықтың тарихи нақты деректерін жариялап қана қоймай, теңсіздіктің мәдениетке, экономикаға, денсаулық сақтауға және өзге де қоғамдық тұрмысқа тигізген әсерлері туралы да материалдар жарияланады. Жобада қара нәсілді танымал авторлардың нәсілдік теңсіздікке қатысты репортаждары, тарихи эсселер, поэзия және суреттері жарияланады.
Дегенмен, кейбір қарапайым АҚШ азаматтары да аталған жобаны қолдамай қоймайтынын білдіруде. Олар әлеуметтік желідегі пікірінде аталған жоба әлеуметтік пікірді екіге бөліп, қоғамдық жарылысқа алып келеді деп санайды.