Қырғызстан Социал-демократиялық партиясының ресми өкілі Темірлан Сұлтанбеков экс-президент Атамбаевты жақтап мәлімдеме жасады.
Сөз сөйлеу барысында жас саясаткер Қырғызстанда өзін «ЭЛБАШЫ» деп атап жүргендерге қарсы уәж айтты, деп хабарлайды Bugin.kz.
– Президент деген елбашы емес! Президент деген өлке басшысы, мемлекет басшысы болуы мүмкін, бірақ елдің басшысы бола алмайды! Елдің басшысы тек ел ғана! – деп түсіндірді Темірлан Сұлтанбеков.
Мәлімдеме барысында социал-демократиялық партияның уәкілі экс-президент Алмазбек Атамбаевтың мемлекет үшін жасаған жақсылықтары жайлы да айта отырып, Ішкі істер министрлігі құрамындағы ішкі әскерді Қорғаныс министрлігіне қосып, шекара күзетіне қойғанын, ішкі әскерді халқына қарсы қоймағанын ерекше атап өтті.
– Ал Сооранбай Жээнбеков билікке келген кезде, ішкі әскер Қорғаныс министрлігінен шығарылып, ІІМ-не әкеліп қайта қосылды, – деп мәлімдеді жас саясаткер.
Қырғыз саясаткерінің толық мәлімдемесі:


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі