Жексенбіде Гонконгте массалық наразылық акциясы қайталанды. Ұйымдастырушылардың айтуынша наразылық шарасына қатысқандардың саны жарты миллионға жеткен. Алайда, жексенбідегі оқиғалар туралы ресми мәліметтер таратылмады.
Наразы жұрт жексенбідегі жауынға қарамастан, түстен кейін сағат 15:00 шамасында қаладағы Виктория саябағына жинала бастаған. Полиция тарабы қарсылықтың заңсыз екенін ескертіп, жиналғандарға саябақтан кеш болмай тарап кетуін талап еткен.
Наразылық акциясы басталып екі сағат өткеннен кейін демонстранттар қала көшелерімен шеру жасады. Олардың бейбіт наразылық шарасына қарамастан Гонконг билігі демонстранттарды қаладағы көлік қозғалысына кедергі жасады, тәртіп бұзды және өзге де қолайсыздықтар тудырды деп айыптады.
Әлем елдерінің назарын Гонконгтегі наразылық шарасынан бұрын Лондондағы Қытай елшісінің оған қаратқан пікірі таң қалдырды. Қытай елшісі сөзінде: "Егер Гонконг билігі жағдайды бақылауынан шығарып алатын болса, Қытай билігі қол қусырып қарап отырмайды. Қандай дүрбелең болса да басып тастауға біздің қауқарымыз қаптал жетеді", – деп нығыздана сөйледі. Ол және бұндай жағдайда Бейжің тарабы Гонконг басшысы Керри Лэмге белгілі дәрежеде қолдау көрсетеді.
Үш айға созылған Гонконгтегі наразылық барған сайын ушығып келеді. Кейбір сарапшылар, іс қаншалық қиындай түссе де Қытай билігі Қарулы әрекетке бара қоюы екіталай деп санайды. Алайда, халықтың бостандық туралы арманынан көрі партияның беделін биік қоятын Бейжің билігі күтпеген қадамға баруы да ғажап емес.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес