Біріккен Ұлттар Ұйымы Бангладешке бас сауғалап барған рохинджа мұсылмандарының жағдайы туралы тағы да ескерту жасады. Естеріңізде болса, бұдан екі жыл бұрын Мьянмада "мұсылман геноциді" деп бағаланған қырғыннан бас сауғалаған миллиондаған рохинджа мұсылмандары Бангладешке бас сауғалап барған болатын. Қазір ондағы уақыттық баспаналарда жарты миллионнан астам жас-өспірім өмір сүруде.
БҰҰ мәліметіне қарағанда нашар әлеуметтік жағдайда өмір сүріп жатқан жарты миллионнан астам рохинджа балаларына эксплуатация қаупі төніп тұрғанын айтады. Қараусыз қалған, білім алмаған және кедейшілікте өмір сүріп жатқан балалар адам саудасы, есірткі саудасының құрбаны болуда.
Балалардың құқығын қорғау жөніндегі агенттіктің мәліметіне қарағанда, Бангладештегі мыңдаған босқын балалар қылмыстық топтардың, халықаралық адам саудасы мен есірткі аткезшілігінің басты нысанасына айналған. Лагерлерде жасап жатқан миллиондаған босқындардың ауыр халы туралы Біріккен ұлттар ұйымы бұдан бұрын да ескерту жасаған болатын.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер