"Айқын" басылымының хабарлауынша, ҚР-ның экс-президенті, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңестің Бюро отырысы өтіп, онда Мәжіліс депутаттарының сайлауына дайындықты бастау (заң бойынша 2021 жылы өтуі тиіс - ред.) туралы айтылған.

Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес бюросының отырысы. 16 тамыз 2019 жыл. Фото: А.Үкібайдың твиттер парақшасынан, @Aidos_Ukibay
Бұл жайында Н.Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттер желісіндегі жеке парақшасында «Жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияластарына Конститутцияда көрсетілген мерзімде өтетін Мәжіліс сайлауына дайындықты белсенді түрде бастау керектігін тапсырды", - деп жазылған. "Нұр Отан" отырысында партия төрағасы Назарбаев 21 тамызда партияның кеңейтілген жиынын өткізуді тапсырған. Сондай-ақ хабарламада «Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес бюросының отырысында Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша Г.Н.Әбдіқалықоваға, Н.Б.Әлімжановқа, Н.К.Әшімбетовке және Ж.Қ.Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды» делінген.

Nur Otan-ның жаңа депутаттары: Г.Н.Әбдіқалықова, Н.Б.Әлімжанов, Н.К.Әшімбетов және Ж.Қ.Омарбекова. 16 тамыз 2019 жыл. Фото: Aikyn.kz

Бұрынғы президент Н.Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Twitter желісіндегі жазбасы. 16 тамыз 2019 жыл. Фото: @Aidos_Ukibay
парақшасынан скриншот


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел