Әлемдегі ірі экономика алыптарының базарлары ғаламдық экономикалық дағдарыс қаупінен алаңдай бастады. Мұндай қорқыныш Жапония, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания елдерінің нарықтарында анық байқалуда.
Жаһандық экономикалық дағдарыс қорқынышы әлем елдерінің биржасын шайқалтып тұр. Айталық, Жапонияның бағалы қағаздарын соңғы алты айдан бері толассыз арзандатып келеді. Осы аптада Жапонияның бағалы қағаздар құны соңғы алты айдағы ең төменгі көрсеткішке түсті. АҚШ экономикасындағы жағдайға байланысты биржа базары орта есеппен бір пайызға құлдыраған. Бұл аралықта көптеген ірі компаниялар шығынға батқан.
Экономикалық дағдарыс қаупіне байланысты биржаның құлдырауы бұл аталғандардан тыс Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия қатарлы елдерде де орын алуда. Сарапшылар аталған елдердегі биржа базарының жағдайы нашар екенін растап отыр.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі