Солтүстік Корея Хамхын қаласынан Жапон теңізіне қарай тағы да екі зымыран ұшырды. Yonhap агенттігінің мәліметінше, Пиоңяң бұл жолы жақын қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген.
Аталған агенттік Солтүстік Корея кезекті зымырандарды Уашингтон мен Сеулдің бірлескен әскери оқу-жаттығуларына наразылық ретінде сынақтан өткізгенін айтады.
Былтыр Сингапурде алғаш рет АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының саммиті өткен. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ын келіссөздер қорытындысы бойынша ортақ құжатқа қол қойды. Онда Пиоңяң Корей түбегін ядролық қарудан толық босатуға дайын екенін мәлімдеп, АҚШ оған қауіпсіздікке кепілдік беруе міндеттелген болатын. Дегенмен, америкалық барлау қос ел басшысы арасында уағдаластық болғанына қарамастан, КХДР ядролық қару жасауды әлі жалғастыруда деп хабарлаған еді. Ал Солтүстік Корея тарапы АҚШ пен Оңтүстік Кореяны Корей түбегіндегі шиеленісті бәсеңсітетін келісімді бұзып, қайтадан әскери жаттығу өткізіп жатыр деп айыптаған.
25 шілдеде КХДР Жапон теңізіне қарай қарай атауы белгісіз екі зымыранын ұшырған болатын. Бұл жайтты Оңтүстік Корея Республикасының қарулы күштері бұл жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді