Солтүстік Корея шығыс бағытқа қарай атауы белгісіз екі зымыранын ұшырды.

Оңтүстік Кореяның Уonhap агенттігі мәлімдегендей, сынақ Вонсан қаласы маңында жүргізілген және зымырандар Жапон теңізіне қарай ұшырылған. Агенттік: «Солтүстік Корея жақын қашықтыққа жергілікті уақытпен таңғы сағат 5:34-те, тағы бір зымыранды – таңғы сағат 5:57-де Ходо түбегінен, Вонсан қаласына жақын маңнан Шығыс теңізге ұшырды» – деп хабарлады. Снаряд 430 шақырымдай жерді еңсерген. Оңтүстік Корея штаб басшылары бірлескен комитеті (JCS) «КХДР-дің бұл қадамы АҚШ-тың ашуына тиері сөзсіз» дейді.

Солтүстік Корея соңғы рет 9 мамырда Пхенан-Пукто елді мекенінде реактивті зымыранын сынақтан өткізген. Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея Республикасының қарулы күштері бұл жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.

Былтыр Сингапурде алғаш рет АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының саммиті өткен болатын. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ын келіссөздер қорытындысы бойынша ортақ құжатқа қол қойды. Онда Пиоңяң Корей түбегін ядролық қарудан толық босатуға дайын екенін хабарлап, ал АҚШ оған қауіпсіздікке кепілдік беруе міндеттелген болатын. Саммит қорытындысы бойынша ядролық қарудан бас тартуға шешім шығарылып, қос тараптың бақылаушылары КХДР-дің ядролық бағдарламадан бас тарту туралы келісімін қадағалауы қажет. Алайда, америкалық барлау қос ел басшысы арасында уағдаластық болғанына қарамастан, КХДР ядролық қару жасауды әлі жалғастыруда деп хабарлаған еді. Ал Солтүстік Корея тарапы АҚШ пен Оңтүстік Кореяны Корей түбегіндегі шиеленісті бәсеңсітетін келісімді бұзып, қайтадан әскери жаттығу өткізіп жатыр деп айыптаған.

"The Qazaq Times"