Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев арнайы жасаққа қарсы оқ атқанын растады.
7 тамызда өткен экс-президентті ұстау операциясы кезінде екі тарап бір-біріне оқ жаудырған. Оқиғадан кейін мәлімдеме жасаған Атамбаев: «Менің жақтастарымда қару-жарақ болған жоқ. Сол себепті өзім оқ аттым», – деп мәлімдеді. Қазіргі биліктің «қатыгездігіне таңқалатынын» жеткізген Атамбаев арнайы операция барысында қолға түскендерге көмек қолын созуға дайын екендігін де айтты.
Қырғызстанның бұрынғы президентінің Қой-Таштағы үйінде болған операция кезінде арнайы жасақ өкілі қаза тауып, 45 адам ауруханаға түскен. Осыған байланысты пікір білдірген Сооронбай Жээнбеков: «Алмазбек Атамбаев заңды тергеу жұмыстарына қарулы қақтығыс көрсету арқылы Конституция мен заңды табанына таптады. Қырғызстан құқықтық мемлекет. Биліктің басты міндеті әр азаматтың заңды орындауын қамтамасыз ету», – деді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы