Facebook Instagram мен WhatsApp әлеуметтік желілерінің атауын өзгертпек.
Facebook компаниясы өзінің атын Instagram мен WhatsApp әлеуметтік желілеріне қосуды жоспарлап отыр. Бұдан былай "Instagram Facebook-тен" (Instagram from Facebook) және "WhatsApp Facebook-тен" (WhatsApp from Facebook) болмақ.
Бұған қатысты корпорация өкілі Берти Томсон былай дейді: "Біз Facebook компаниясына тиесілі өнімдер атауларының нақты болғанын қалаймыз. Яғни, компанияға тиеселі екендігін көрсетіп тұруы қажет".
Instagram мен WhatsApp-тың атауы қосымшалардың өзінде, сонымен қатар App Store мен Google Play-де өзгереді. Ал, компания өкілінің айтуынша, смартфон экранында әлеуметтік желі атаулары өзгермейді. Мұндай өзгеріс компанияның бас директоры Марк Цукербергтің Facebook-тің екі арр-ті жетілдіру үшін қажетті несие ала алмайтындығына ренішін білдіргеннен кейін орын алып отыр.
Ал, сенатор Элизабет Уоррен секілді саясаткерлердің сөзіне сүйенсек, Facebook-тің әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілердің үшеуін басқаруы оның әлеуметтік желі саласында монополияға ие екендігін білдіреді. Сол себепті олар Instagram мен WhatsApp әлеуметтік желілерін Facebook-тен бөлу керек деп санайды.
Айта кетейік, Facebook компаниясы Instagram-ды 2012 жылы 1 миллиард долларға, ал 2014 жылы WhatsApp-ты 19 миллиард долларға сатып алған еді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі