Солтүстік Корея осы аптада екінші мәрте зымыранын ұшырды, – деп хабарлайды «Ренхап» агенттігі.
Хадо аралынан Жапон теңізіне қарай ұшырылған баллистикалық зымыран 250 шақырымды еңсерген. Осыған дейін яғни 25 шілдеде КХДР Вонсан қаласының маңында сынақ жүргізіп, Жапон теңізіне қарай зымыран ұшырған болатын. Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі КХДР-дің кезекті мәрте зымыран ұшыруы АҚШ-тың ашуына тиіп, санкцияға ілігуі мүмкін дейді. Ал ВВС таратқан мәлімдемеде «Солтүстік Корея үкіметінің бұл қадамы Оңтүстік Кореяға бағытталған ескерту» деліген.
Солтүстік Корея соңғы рет 9 мамырда Пхенан-Пукто елді мекенінде реактивті зымыранын сынақтан өткізген. Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея Республикасының қарулы күштері бұл жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді. Былтыр Сингапурде алғаш рет АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының саммиті өткен болатын. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ын келіссөздер қорытындысы бойынша ортақ құжатқа қол қойды. Онда Пиоңяң Корей түбегін ядролық қарудан толық босатуға дайын екенін хабарлап, ал АҚШ оған қауіпсіздікке кепілдік беруе міндеттелген болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді