Қырғызстан милициясы экс-президент Алмазбек Атамбаевты күштеп қамауға алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында А.Атамбаевтың қоғамдық бастамалар жөніндегі кеңесшісі Құндыз Жолдыбаева жазды.
Жолдыбаеваның жазбасында: «Сенімді дереккөздерден белгілі болғандай, экс-президент Алмазбек Атамбаевты күшпен тұтқындауға бұйрық берілді. Операцияны ертең күннің екінші жартысында мың жарым құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүзеге асырады деп жоспарланып отыр. Билік радикалды шаралардың салдары ауыр болуы мүмкін екенін ұмытып кетсе керек», – делінген. Дегенмен, Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі бастығының орынбасары Кәрім Аманқұлова «ресми ведомствода Атамбаевты күшпен қамауға алу операциясы туралы айтылған жоқ» деп мәлімдеді.
Sputnik Қырғызстан порталының хабарлауынша, 18 шілдеде полиция қызметкерлері Атамбаевқа ішкі істер министрлігіне тергеуге шақыру қағазын үшінші рет жіберген. Енді ол 19 шілде сағат 10:00-де құзырлы органға келуі керек. Бірінші рет куәгер ретінде тергеуге шақырту қағазы берілген кезде, бұрынғы президент журналистерге тергеуге бармайтынын айтты. Оның пікірінше, «билік заң шеңберінен шығып кеткен». Ал екінші рет тергеуге шақыру қағазы 10 шілде жіберілген. Бірақ ол ІІМ-ге бармаған.
12 маусымда Жоғары Кеңес депутаты Қанатбек Исаев «Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айыру» жөнінде бастама көтерген. Ал 13-ші маусымда осы мәселеге байланысты арнайы комиссия құрылды
27 маусымда ашық түрде өткен дауыс беру нәтижесі бойынша 109 депутаттың үшеуі ғана бұл шешімге қарсы шыққан. Жоғары Кеңестің Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айыруға байланысты құрылған арнайы комиссиясы экс-президентке 9 пункт бойынша айып тақты. Айып тізімін «Республика – Ата-Жұрт» партиясының депутаты Талант Мамытов оқыды. Тізім ішінде «заңсыз жер иеленді», «Ресей азаматтарына, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қару-жарақ таратты», «қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты бостандыққа шығаруға көмектесті», – деген айыптар бар. Жоғары Кеңестің Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті Атамбаевқа Бас прокуратура тағып отырған алты айыптың бесеуіне қатысы бар деген шешімін қолдады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді