Жапониядағы Киото анимациялық студиясына қасақана от қойылды. ВВС агенттігінің хабарлауынша, өрт салдарынан 24 адам қаза тауып, ондаған адамды күйік шалған.
Жергілікті полиция мен құтқарушылардың дерегі бойынша, белгісіз біреу анимациялық студияның орталығына жанатын сұйықтық төгіп, сол жерде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10:35-те өрт басталған. Мәйіттердің көбі Kyoto Animation Co. үш қабатты студиясының екінші қабатынан табылған. Өрт шыққан кезде 70-ке жуық адам жұмыс істеп жатқан.
Тексеру нәтижесінде оқиға орнынан пышақтар табылған. Полицияның дерегі бойынша, жарақаттанып, ауруxанаға жеткізілгендер арасындағы 41 жастағы ер адам өрт қойғанын мойындаған.
Оқиғадан кейін Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, Киотодағы өрт «адам айтса сенісіз өте қорқынышты оқиға» деді.
Kyoto Animation – Жапонияда 1981 негізі қаланып, «KyoAni» ретінде танылған жапониялық компания. Ол 2005 жылы аниме жанкүйерлері арасында танымалдылыққа ие болды. Аталған компания бастамасымен «K-On!» және «Харухи Судзумия меланxолиясы» (Suzumiya Haruhi no Yuutsu) атты телевизиялық анимациялық xикаяларды шығарған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел