АҚШ-та Перу үкіметінің өтініші бойынша елдің бұрынғы президенті Алехандро Толедо қамауға алынды.
Politico басылымының мәліметінше, Перу соты Толедоның үстінен сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша іс қозғап, оған халықаралық іздеу жариялаған. Кейіннен оның 2013 жылдан бастап Құрама Штат азаматтығын алғаны белгілі болды.
Алехандро Толедо Перуді 2001-2006 жылдар аралығында басқарған. Қазір оған 20 миллион доллар көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. Мәлім болғандай, Толедо билік басында отырғанда тендер ережесіне өзгертулер енгізген. Бұл өз кезегінде Бразилияның «Одербрехт» құрылыс компаниясымен жарты миллиард долларға бірнеше келісімшарт жасауға жол ашты.
Сот Толедоны қамау туралы 2017 жылы ақпанда үкім шығарған, енді АҚШ оны Перуге экстрадициялауы тиіс.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі