АҚШ-Корея бірлескен армиясының әрекеттеріне, Оңтүстік Кореяның «Сад» жүйесін орнату ісіне ортақ қарсы тұруды қолдаған Қытай, Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ату ісіне қарсы екенін білдірді. Бұл туралы кеше кеште, 6 наурыз, Қытай Сыртқы Істер министрлігінің мәлімдемешісі Гың Шуаң мәлім етті. Ресми Бейжің Солтүстік Кореяның бұл әрекетін Қауіпсіздік Кеңесінің арнаулы қарарларын бұзу деп айыптаған. Бұл туралы Xinhua агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.
Кеше кеште Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз мәжілісінде белгілі болған бұл мәлімдеме, Қытай үкіметінің ҚХДР баллистикалық зымырандарды атуына қаратқан ұстанымы болып саналады. Осыдан бұрын АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери әрекеттеріне ортақ қарсы тұруды қолдаған Қытай тарабы, ҚХДР-ның өрескел әрекетін айыптап отыр. Корей түбегіндегі жағдайдың ушығуын келтіріп шығаратын өрескел қателік деді Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі.
Қытай мәлімдемешісі сөзінің келесі салмағын АҚШ-Корея бірлескен армиясының әскери оқу-жаттығуына тастады. Солтүстік Кореяға қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығудың ағымдағы жағдайға өте тиімсіздігін атап өтті. Түбектің қауіпсіздігі мен халықтың амандығын ойлап, барлық мүдделі тараптардың сабырлылық танытуын, бір-бірін қақтығысқа итермеуін талап етті.
Корей түбегі жағдайы қазір шахмат үстеліне ұқсап тұр. Әр тарап өздерінің аяғын аңдып басып, жанжал туылып, қақтығыс орын алып жатса басты жауапкершілікті арқалайтын тарапты айқындау үшін АҚШ, Ресей, Қытай, Жапониялар екі корей елінің бірін істікке жаншуға әзір деуге болады. Ресми Бейжіңнің КХДР баллистикалық зымыран ату ісіне қарсы пікірде болуы, АҚШ пен Оңтүстік Корея алдындағы ұпайын түгендеу үшін болса керек.
“The Qazaq Times”