Бүгін Швеция соты бұрынғы қытайлық лауазымды тұлғаны экстрадициялау туралы Бейжіңнің өтінішін кері қайтарды. Қытай үкіметі Хынан провинциясында лауазымды қызметте болған Чяо Жиянжүнді ірі көлемде үкімет қаржысын жымқырды деп айыптаған, әрі Швеция үкіметінен оны Қытайға қайтарып беруді талап еткен еді. Алайда, екі ел арасында экстрадиция туралы келісім жоқ болатын.
Қытай үкіметі жағынан бұрынғы лауазымды Чяо 11 млн АҚШ доллары көлеміндегі үкімет қаржысын алып шетелге қашып кеткен деп айыпталған. Сондай-ақ, Қытай үкіметі жағынан шетелде іздестірілген қылмыскерлер тізіміне де енгізілген.
Қытайлық лауазымды тұлға отбасымен бірге ең әуелі Құрама Штатқа қашып барған. Алайда, АҚШ тарабы Чяо мен оның отбасы мүшелерін ақша жылыстату және иммиграциялық алаяқтық жасады деп айыптаған.
Былтыр маусым айында аталған қытайлық лауазымды Швецияда тұтқындалған. Өткен айда Швеция оны босатып, Қытайдың талабын кері қайтарған. Алайда, бірнеше күннен кейін Чяо қайта қамауға алдынды, бірақ бұл ретінде АҚШ-тың өтініші бойынша ұсталғаны белгілі болған.
Дүйсенбі күні Қытай СІМ тарабы Швеция үкіметінен Чяоны Қытайға экстрадиция жасау туралы өтінішін жолдаған. Бір күн өткенде Швеция соты бұл өтінішті кері қайтарды. Сот шешімінде Чяо Жиянжүн Қытайға қайтарылса, бұл еуропалық елдер арасында қол қойылған конвенцияны бұзу болып саналатыны айтылған.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді