Италиялық "Corriere dela Serra" басылымы Ресей президенті Владимир Путиннің Аппенинаға сапары алдында берген сұхбатын жариялады.
"Украина президенті болып Владимир Зеленский сайланғаннан кейін Мәскеу мен Киев қарым-қатынасын жақсарту мүмкін бе?" деген сұраққа Путин «бұл үшін Украина президенті сайлау алдындағы уәдесін орындауы тиіс» деп жауап берді. "Зеленский Донбасста өз отандастарымен тікелей байланыс орнатуды және оларды сепаратист деп атауды тоқтатуы керек" деді Ресей президенті. Сонымен қатар, Путин Ресей Еуроодақпен толық форматты қарым-қатынастарды қалпына келтіріп, Украинамен ашық диалог жүргізуге дайын деп мәлімдеді.
"Біз РФ мен Еуроодақ арасындағы толық форматты қарым-қатынастарды қалпына келтіруге, бейбітшілікті сақтауға, біздің ортақ құрлықта қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға мүдделіміз. Біз еуропалық сайлаушылар мандатына ие болған барлық саяси күштермен сындарлы ынтымақтастыққа дайынбыз", – деді Путин.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі