Өткен аптада Шығыс қытай теңізінде Қытай әскери ұшағы мен Канаданың әскери кемелердің ұшырасып қалу оқиғасы, екі елдің дипломатиялық қатынасын салқындата түсті.
Хабарға қарағанда, Қытайлық Су-30 жауынгерлік ұшағы халықаралық су жолында жүзіп бара жатқан Канаданың HMCS Regina кемесінің үстінен тым жақын аралықта ұшып өткен. Әрі, бұны Қытайдың әскери әуе күштері де растаған.
Аталған кемеде болған Канадалық әскери қызметкерлердің айтуынша Қытай әуе күштеріне тиесілі ресейлік техника оларға 300 метр шамасында жақын келген. Қытайлық соғыс ұшағы Канаданың әскери кемесіне шабуыл қаупін төндірмегенімен, Канада әскери күштері бұны Қытайдың арандату әрекеті ретінде бағалап отыр. Әрі, әскери қыр көрсету деп санайды.
Биыл Канада мен Қытай арасында дипломатиялық қатынастар салқындай түскені белгілі. Оған қыиайлық «Хуавей» компаниясының қаржы директорының Канадада тұтқындалуы және Қытай тарабының канадалық дипломаттарды тұтқындауы себеп болған. Бұл рет екі елдің әскери ұшақтары мен кемелерінің Қытайға жақын теңіз айныдында ұшырасып қалуы екі ел арасындағы қайшылықты тіпті де тереңдетті.