Әлемнің ең ірі экономикасына ие 20 елдің лидерлері Жапонияның Осака қаласында саммит өткізуде. Сондай-ақ, «Үлкен жиырмалық» саммитіне Еуропа Одағы елдері мен G20-ға кірмейтін бірқатар елдердің лидерлері де шақырылған.
Кезекті «үлкен жиырмалық» саммитінде әлем елдері лидерлерінің басты назар аударған мәселелері АҚШ пен Иран арасындағы соғыс қаупіне жақындай түскен қайшылық және АҚШ-Қытай арасындағы сауда соғысы мәселелері болды.
Саммит басталудан бұрын да әр ел басшылары жасаған мәлімдемелері де АҚШ пен Иран қайшылығы және сауда соғысы тақырыптарын көбірек сөз етті. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш те өз сөзінде АҚШ-Иран қайшылығының әлемге кері әсер етіп отырғанын айта келіп, тараптарды қайшылықты реттеуге шақырды.
Президент Трамп Осакаға аттанардан бұрын да Ақ үйде жасаған мәлімдемесін кезекті сапарында Иран және Қытаймен қарым-қатынасты басты күн тәртіпке қоятынын айтқан болатын. АҚШ президенті бұл мақсатта бірқатар кездесулер жасады. Соның қатарында, Жапония, Ресей, Түркия және Қытай басшыларымен жекелеген кездесулер де бар.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?