Қытай астанасында мобильді байланыс техналогиясында 5G стандартындағы  әлемдегі ең үлкен эксперименттік желі іске қосылды деп мәлімдеді ҚХР Индустрия және ақпараттық техналогиялар министрлігінің өкілдері Синьхуа агенттігіне. 

Желі Хуайжоу ауданында жасалған. Оны жетілдіру және жасау жұмыстарына осы саладағы қытайлық және шетелдік компаниялар жұмылдырылып отыр. Тестілеу терминалдарына қажетті жағыдай жасап, эксперименттің сәтті өтуі үшін жұмыстар жүргізілуде.

Біраз уақыт бұрын байланыс техналогияларымен айналысатын қытайлық компания басшысының орынбасары және China Mobile компаниясының техналогиялық бөлімінің басшысы Ван Сяоюнь   5G стандартындағы мобильді желінің  жұмыстарын Huawei, Nokia, ZTE, Ericsson, Intel және  DTT компанияларымен бірлесе отырып жасайтындығын айтқан болатын. Тәжірибенің  бірінші бөлімі сәтті аяқталып, жақын арада, екінші бөлімі басталып та кетті.

Фото: sell-off.livejournal.com

Қытайлық мамандар елде  2018 жылы  4G жылдамдығымен жұмыс жасайтын екі миллион станция салнып, ал 2020 жылы  5G желісі коммерциялық қолданысқа енетіндігін жоспарлап отыр.

“The Qazaq Times”