Бүгін, 20 маусым күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) "Ақиқат" партиясы Алматыдағы өз кеңсесінде бір қатар желтоқсаншылар мен бір топ жастар арасында кездесу өткізді. Аталған кездесу ұрпақтар сабақтастығы, алдынғы және кейінгі буындар арасында диалог орнатып, пікір алмасу, түсіністікті тереңдету мақсатында өткізілген.
Кездесуден кейін аталған партия өкілдері бірқатар маңызды мәселелер төңірегінде талқы оздырды. Талқы жиынында алдағы Парламент сайлауы және сайлауға бағытталған дайындық жұмыстары туралы алқылдасты. Сондай-ақ, соңғы кездері сөз болып отырған "Ұлттық кеңес" туралы және оған ЖСДП-ның қатысу-қатыспауы мәселелері де талқы ортасына тақырып етіп тасталды.

Партия төрағасы Ермұрат Бапи Жанболат Мамайға партия билетін берді. Фото: QT.
Жиын соңында "Ақиқат" партиясы Жанболат Мамай, Әсет Матаев бастаған 12 адамды мүшелікке қабылдап, партия билетін таратты.

Әсет Матаев та "Ақиқат" партиясының мүшесі болды. Фото: QT.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?