«‹Ғаламшар уақыт газетінің› АҚШ – тағы арнайы тілшісі Жаң Пыңхои хабарлайды» деп жазады world.Huanqiu сайты. «АҚШ-та Обаманың екінші дәурені келе жатыр ма? » президенттыктен кеткеніне екі ай уақыт бола қоймаған Обаманың билікке қайта келуі жөнінде хабар-ошарлар шыға бастады. АҚШ-тың «Ел кеңесі газеті» Обама биліктегі кездегі әділет минтстрі Алек Уорд: «Ол (Обама) мінбеде тіпті де көп сөйлеуге сақадай-сай, өткен жылы демократияшылдар партиясының төрағалығын атқарғысы келетінін айтқан, және осы партия мүшелерінің қарым-қатынасы жөнінде көптеген істер жөнінде кеңескенбіз» деп мәлімдегенін хабарлады.
Обаманы қолдаушылардың саны азайып көрген жоқ. Қашан да 55%-дан төмен дауыс жинап көрмеген Обманың президеттіктің екінші мерзімінде қолдаушылардың саны осылайша ең жоғары көрсеткішіті көрсеткен еді. 2016 жылы желтоқысанда, міндетіне қош айтудың аз-ақ алдында тұрған Обама тілшілерге, егерде АҚШ -та бір президент үзіліссіз үш рет сайлана алатын болса, өзін үшінші рет те президенттыкке ұсынып, Трампты тырп еткізбейтінін, өзінің саяси бағыт-бағдарын қолдаушылардың көп екеніне сенетінін айтқан еді. Алда-жалда осылай болған болса, онда Трамп жеңіліп, ол үмітін тек келе жатқан 2020 жылға артатын еді.
Алайда, АҚШ-тың ата заңының 22-бабында «Мейлі кім болса да, өзін президенттікке үзіліссіз екі-ақ рет ұсына алады» деп белгіленген. Сонымен, Обама өзін үшінші рет сайлауға мүмкіндік ала алмаған да, тек үміткерлерге дауыс беру ұқығынан ғана игіліктенген.
Ал, 2020 жылы Обама президент болғысы келмесе, онда демократтар партиясы кімді президенттікке көрсетеді деген сұрақ аясында «Ел кеңесі газеті» демократтар партиясының сенаторлары Уаррен, Сандерс қатарлы адамдардың сөздерінен ситат келтіріп, 2020 жылы аталған партия Хиллари мен бұрынғы президент орынбасары болған Биденді президенттікке ұсынады деп жазды. Ал, ғаламторда бұрынғы бірінші ханым Мичелл (Michelle) де президенттіктен бағын сынауы мүмкін, өйткені оның кісілік бет-беделі Обамадан да биік. Тіпті, көркем сөздің көсемі саналған жүргізуші Опрах (Oprah) та А Ш көшбасшысы болуға талпынуы мүмкін деген айтылымдар көп.
Әділет Ахметұлы
“The Qazaq Times”