Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиге хат жолдап, екі ел арасындағы қайшылықтарды шешу үшін диалог жүргізуге шақырды. Өткен аптаның соңында жолдаған бұл хатында Имран Хан Мдиды қайта сайлануымен де құттықтай кеткен.
Аталған хатта Пәкістан тарабы Кашмир дауынан тартып, барлық даулы мәселелерді шешуге ынта танытқан. Сондай-ақ, Имарн Хан Модиге жолдаған хатында, диалог жүргізу екі елдің кедейлікті еңсеріп, өңірлік дамуды жебеудің бірден-бір жолы деп көрсеткен. Әрі, Оңтүстік Азиядағы бейбітшілікті қорғаудың маңыздылығын көбірек айта келіп, диалог жүргізу екі елдің бейбітшілігі мен дамуы үшін жалғыз ғана жол екенін жеткізген.
Осы аптада Қырғызстанның орталық қаласы Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысы өтеді. Жиналысқа ұйымның жаңа мүшелері қатарында Үндістан мен Пәкістанның басшылары да қатысады. Екі елдің бейбітшілік келіссөздеріне байланысты бұл ілгерлеушілік, осы аталған саммит кезінде бастап жүзеге асады деген үмітті оятты.
Алайда, Үндістанның ресми тұлғалары жасаған мәліметте, премьер-министр Моди осы аптада Қырғызстанда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысында Пәкістан премьерімен кездесуді жоспарламағанын айтады.
Соңғы жылдары Үндістан мен Пәкістан арасындағы қайшылық артып, қарулы қақтығыстарда болды. Үндістан тарабы келіссөз басталғанға дейін шекаралық террорлық әрекеттерді тоқтатуды талап етіп отыр.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер