Американың инвесторлары Қазақстанмен әріптестік орнатуға ниетті. Бұл туралы АҚШ-тың Аризона штатындағы Өкілдер палатасы хабарлады.
Аризонадан шетелдік делегацияны бастап келген Өкілдер палатасының төрағасы Рассел Бауэрстің айтуынша, екі ел арасындағы сауда-саттық 90 жылдары қарқын алған, бірақ уақыт өте келе алыс-беріс, барыс-келіс біраз бәсеңдеген. Енді кәсіпкерлер екі мемлекет арасындағы сол байланысты қалпына келтірмек. Өкілдер палатасының спикері Рассел Бауэрс: «Біз сан салада үздік технологиялар енгізуді ұсынамыз. Әсіресе, ауыл шаруашылығында біздің тың инновацияларды қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн. Өйткені екі елдің климаты бірдей. Ал білім беру саласында біз қазақстандық жобаларды қаржыландыруға дайынбыз», – деді.
Айта кетейік, тәуелсіздік жылдары ішінде Америка компанияларыңыз тарапынан Қазақстанға 50 миллиард доллардан астам инвестиция құйылған. 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жетті. Бөлінген қаржы білім, медицина, ауылшаруашылық салаларын дамыту мақсатында жұмсалуы тиіс.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді