Сайлау туралы пікірталаста ешқандай мән жоқ.
Адам құқықтары және заңдылықты сақтау халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтис өзінің «Facebook» парақшасында алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауына байланысты пікірін білдірді.
- Менің еліміздегі сайлауға байланысты пікірім, 90-шы жылдардың басынан кейін бізде халықаралық талаптарға сай келетін ешқандай сайлау болған жоқ.
Біріншіден, бізде саяси плюрализм, ой еркіндігі және саяси оппозициялық партиялар жоқ.
Екіншіден, саяси оппозицияның БАҚ беттеріне шығатын мүмкіндігі жоқ. Бұған қоса тәуелсіз БАҚ-та жоқтың қасы. Әсіресе, радио мен телеарналар жоқ деп айтуға болады.
Үшіншіден, саяси оппозицияның сайлаушылармен тиімді жұмыс істеуіне жол жоқ. Біздің территориямыздың үлкендігіне және халық санының аздығына байланысты шалғай аймақтарға балама саяси күштердің ақпараттарын жеткізу өте қиын.
Төртіншіден, соңғы 15 жылда бізде жалпы халықтық болсын, аймақтық болсын саяси дебат болған жоқ.
Бесіншіден, бізде оппозициялық саясаткерлердің өсуіне мүмкіндік жоқ. Себебі билік ағылшын шалғысындай әрекет ету арқылы өзінен кейін тап-таза саяси алаң қалдыруда. Кім рұқсатсыз шықса, сол сәтте шабылады. Бұл классикалық авторитарлық жүйе. Мұнда арнайы қызмет пен полиция, сот пен прокуратураның қолдауымен баламасыз саяси жүйе қалыптастырды.
Дәл осындай жағдайда екі апталық үгіт-насихат жұмыстары немесе сайлау күні қандай да бір пікірталас жүргізудің ешқандай мәні жоқ деп есептеймін. «Сайлау» деп аталатын процедураның ақпараттандыруға ешқандай қатысы жоқ. Сол себепті мен «су толы стакандағы дауылға» сырттай қарап, өзімді одан да маңызды істермен айналысып жүрмін деп ойлаймын. Әзірге бізде бұл жағдайдың өңі шұғыл өзгереді дегенге ешқандай алғышарттар жоқ.


















Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?