АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келісімінде Huawei  компаниясы туралы жаңа тармақтар енгізілуі мүмкін. АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде осындай деді. Ол қытайлық Huawei өнімдері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік пен әскери қауіпсіздік перспективасына "аса қауіпті" екенін, сондықтан да, екі ел арасындағы сауда келісімінде Huawei өнімдеріне байланысты арнайы белгілеме қарастырылуы мүмкін екенін айтты. 

Президент Трамп екі ел арасындағы келісім тармақтарында Huawei туралы арнайы тармақтар болғанда ғана келісім  толыққанды деп санайтынын аңғартты. Дегенмен, Құрама Штат тарабы аталған қытайлық компания туралы нақты қандай белгілеме ұсынатыны туралы анық айтпаған. "Біз бұны алдағы уақытта айтатын боламыз", – деген президент Трамп.

Өткен аптада АҚШ президенті қытайлық телекоммуникация компаниясына шектеу қою мүмкіндігі бар жаңа бұйрыққа қол қойды. Бұл жаңа ереже бойынша Құрама Штаттағы "шетелдік бәсекелестерімен" байланысы бар компанияларға АҚШ телекоммуникация жүйесінің жабдықтары мен технологиялары берілмейді. Бұл АҚШ-тың "Хуавей"-мен істестік орнатқан компанияларына бағытталған шектеу. Әрине ол қытайлық технология алыбының АҚШ-тағы аясын тарылтып жібермек.

АҚШ Сауда министрлігі де осымен бір уақытта мәлімдеме жасап, қытайлық "Хуавей" компаниясының өнімдері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат мүдделеріне зиян келтіргенін қайталады. Министрлік АҚШ компанияларына "Хуавей" өнімдерін беруге тыйым салды.

“The Qazaq Times”