Биыл 22-24 мамырда Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде он алтыншы Еуразиялық Медиа Форум өтеді. Форум жыл сайын 60 шақты елден 500-ден аса делегат жинайды.

Форум өз тарихында 6000-нан аса шетелдік қатысушыларды, олардың қатарында танымал журналистер, белгілі саясаткерлер, мықты экономистер, нобель сыйлығының лауреаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен кәсіпкерлерді Қазақстанға жинаған. Сонымен қатар, өткізу идеясы жетекші халықаралық медиа саласында едәуір қолдау тапты. Айталық, ЕАМФ жұмысына Euronews, CNN, BBC, Associated Press Television News, Reuters, Bloomberg, New York Times, Al Jazeera English, ИТАР-ТАСС, «Новости» РАА, РБК, Russia Today, 1 канал, «Жихан» ақпарат агенттіктрін қосқанда, әлемдегі 1500-ден астам беделді БАҚ өкілдері атсалысып келеді.

Биылғы ЕМФ спикерлері қатарында АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Уэйн Кертис, Ақ үйдің бас спикері Стив Бэннон, Ұлыбритания журналисі, саясаткер Джордж Галлоуэй, Euroamerica қорының президенті Бенита Ферреро-Вальднер, Bloomberg журналисі Райан Чилкаут, американ тележүргізушісі Монтел Уиллиамс, футурист Мартин Форд, «Code for Africa» бағдарламасының координаторы Мутони Вайноки, «ResponsEcology» компаниясының басқарушы директоры Стивен Финн, кинорежиссер Сергей Бодров, Эстонияның төртінші президенті Томас Хендрик Илвес, CGNT тележүргізушісі, халықаралық журналист Стивен Коул, Лондон университетінің аға оқытушысы Захера Харб, украин журналисі, саясаткер Дмитрий Гордон, Словения профессоры Борут Штрукель, дәрігер Джерол Томпсон, Сомалидегі ВВС Андрес Илвес, журналист Михаил Гусман, қоғам қайраткері Максим Шевченко, ТАСС ақпараттық агенттігінің редакторы Григорий Дукор, Ресейдің Facebook директоры Анна-Мария Тренева, Reuters тілшілері Нэлсон Грейвс, Грузиядағы Coda Media басшысы Наталья Антелева, Бірінші арна басшысы Елена Афанасьева, Al-Jazeera тілшісі Захра Расул, журналист Михаил Зыгарь және өзге де белгілі саясаткер, журналистер бар.

Еуразия Медиа Форумы 3 күн өтеді және алғашқы күні шеберлік дәрістерінен басталады. Жиында 7 пленарлық сессия болады. Әлемдік сарапшылар шеберлік дәрісіне бір күнді арнайды. Қосымша ақпарат Еуразиялық медиа форумы http://eamedia.org сайтында.

"The Qazaq Times"