Украинаның жаңа сайланған президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің Ресей азаматтығын беру туралы шешіміне қатаң жауап қайтарды. Ресей паспортын беру туралы жарлыққа президент Путин өткен сәрсенбі күні қол қойған болатын.
Ресей президентінің бұл қадамын Украинаның жаңа сайланған президенті Зеленский өзінің әлеуметтік желі парақшасы арқылы айыптады. Ол «Фейсбук» парақшасында: «Украиналықтар ел, еркін мемлекетте жасайды. Украина өз азаматтығын авторитарлық және коррупциялық режимде қиналып жатқан барлық адамға, әсіресе көбірек қиналып жатқан ресейліктерге ұсынады», – деп жазған.
Қазір, екі ел арасында қайшылық күшейіп тұр. Өткен аптада Украина Жоғары Радасы мемлекеттік тіл туралы заңды қабылдап, украин тілін бірден бір мемлекеттік тіл етіп бекітті. Сондай-ақ, заң жобасында орыс тілі туралы мүлде сөз етілмеген. Ал, Ресей тарабы Украинаның шығысындағы өздерін «Донецк және Луганск Халықтық Республикасы» деп атап алған сепаратистер бақылауындағы аймақ тұрғындарына Ресей азаматтығын жеңілдетілген жолмен беру туралы шешім шығарған болатын.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі