Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Монополияға қарсы қызметтің мобильді интернет тарифтерін көтеру туралы жарлығының күшін жойды.

Оның шешімі бойынша, интернет пен мобильді байланыстың бағасы өзгермейді.

Сондай-ақ, тәжік президенті 23 сәуірде интернет пен мобильді байланыс бағасын көтеруге кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырған еді. Кейін Монополияға қарсы қызметтің басшысы Саади Кодирзода қызметінен босатылды.

Жалпы, 18 сәуірден бастап Тәжікстанда мобильді интернет тарифі 2,5-3 есеге қымбаттаған. Президент баспасөз хатшысының айтуынша, мемлекет басшысы халықтың монополияға қарсы қызметінің бұл әрекетіне наразы екенін біледі.

Интернет бағасының қымбаттауы туралы шешім әлеуметтік желі қолданушыларының ызасын туғызды. Көпшілік мобильді компанияларға бойкот жариялап, Душанбеде наразылық акцияларын ұйымдастыру туралы үндеулер тастады.

"The Qazaq Times"